Олар мені ұсқынсыз дейді: Голливуд жұлдыздары мектепте қорлық көріп жылаған баланы қолдап жатыр (видео)
8 желтоқсанда Америкалық әйел Кимберли Джонс (Kimberly Jones ) Ноксвилле орта мектебінде оқитын ұлы Китонның мектепте қорлық көретінін айтып жылаған видеосын желіге жүктеді. Жазбаны бірнеше миллион адам көріп қолдау білдіруде. Олар ақшалай да көмектесіп жатыр.
Қазіргі уақытта оның шотына 47 млн доллар жиналған.
Баланың айтуынша, оны мектепте ұсқынсыз деп атап шақырып, түр-келбетіне күліп мазақ қылады екен.
“Маған олардың неге мазақ қылатыны қызық. Неге оларға жазықсыздарды мазақ қылу ұнайды? Өзгелерден ерекше адамдарға сын айтудың қажеті жоқ. Бұл олардың кінәсі емес ғой”, – деді Китон.
Бірнеше күн ішінде бұл видеоны 20 миллион рет көрген. Желі қолданушылары баланы қолдап пікірлер қалдырған. Олардың ішінде атақты адмдар да бар.
“Мықты бол Китон! Олардың сені ренжітуіне жол берме. Бәрі жақсы болатынына сөз беремін. Сенің мектебіңдегі бұзақылар кім болатынын шешіп алсын. Ал, сен анаңмен бірге келесі жылы Лос-Анджелесте болатын “Мстителей” фильмінің алғашқы көрсетіліміне келгің келмей ме?”, – деп жазған актер Крис Эванс.
“Китон, сен бұзақылардың неге жаман екенін айтып уақытыңды өткізбе. Олар басқаларды төмендетіп өздерін жақсы сезінетін бақытсыз адамдар. Олар өздерін жақсы көрмейді. Олар сенің әдемілігің мен ақылыңды қызғанады”, -деген Марк Хэмилл.
“Менің де бала кезімді мені мазақ қылатын. Сенікі дұрыс, бәрі жақсы болады. Сен батырсың. Бекем бол. Халк – сенің досың”, – деп қолдау білдірген Марк Руффало.
“Жігіт, мен сенің өміріңнің соңына дейін досың боламын. Маған дайректен жаз, сөйлесейік. Тек махаббат қана жеккөрінішті жеңе алады”, – деп жазған Снуп Догг.
“Китон, балақай, сен жалғыз емессің. Мазақ болғандардың көбі мықты болады. Сен солардың бірі боласың. Құдай жар болсын саған”, – деген Деми Ловато.
Тіпті, желіде баланы қолдаушылар жазба қалдыратын #StandwithKeaton хештегі пайда болған.
Китоды пікірлерімен ғана қолдап жатқан жоқ. Желі қолданушылары GoFundMe-де Китонның колледжде оқуына ақша жинап жатыр. Қазірдің өзінде 47 мың доллар (16 млн теңгеге жуық). Қаржыны жинап бастаушы Нью-Джерсилік Джозеф Лэм.
“Ата-анаға ең қорқыныштысы баласының басқаларға мазақ болуы. Жыл саын 3,2 млн бала мазақ қылудың құрбаны болады. 160 мың бала осы мәселенің кесірінен мектептен қашады. Мен видеоны жүктегені үшін Кимберлиге ризамын. Видеоны көргеннен кейін Китонға көмектесуім керек болды. Сондықтан, ақша беріп көмектескеннен басқа жолын ойламадым”, – деп пікірін жазды Джозеф Лэм.
Тағы оқыңыз:
Асанәлі Әшімов: Ұлымды фильм рөліне дайындау үшін қара су мен нан беріп әбден жүдеттім
Қылмыс әлемінде «Баха-Фестиваль» деген лақап атпен танылған Бақыткелді Баясов деген кім?
ҰҚК: Соғыс жүріп жатқан Сирия мен Иракта 390 қазақстандық бала бар
Шымкент жастары бүйрегін бейтаныс қызға берген жігітке ақша жинап берді