"Олар күліп отыр": Серік Шәріптің сүйіктісі актердің Елікбаевқа берген сұхбатына пікір білдірді
Фото: Stan.kz
Актер Серік Шәріптің бұрынғы сүйіктісі Әлия Бутеева кино жұлдызының Әлішер Елікбаевқа берген сұхбатына қатысты ойын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлішер Елікбаев Алматыдан Астанаға көлікпен сапар шеккен кезде актер Серік Шәріптен сұхбат алған. Айта кетейік, бұған дейін Шәріп (көпшілікке “Шакенти” лақап атымен белгілі) әлеуметтік желіде бұрынғы сүйіктісіне агрессиялық әрекет көрсеткені үшін дауға қалған еді.
“Мен бұл адамдардың арандатуына жауап бергім келмеді. Бірақ бұл тек маған қатысты емес, бұл – әйелдерді қорлау. Олар күліп отыр. Бұл – сұмдық. Мен өзіме әрең келе бастадым, ал олар күліп отыр. Осы күнге дейін мен әкемнің өлімін толық қабылдай алмадым. Бірақ мына жағдай мені бір шындықпен бетпе-бет әкелді: Мен өзімді өзім ғана қорғай аламын. Әкем енді келмейді, енді мені ешкім қорғамайды. Бұл – ащы шындық. Әкемнің жоқ екенін енді түсіндім”, – деп жазды Әлия Бутеева.
-
"Жұлқылағаны үшін ажырасып жатыр": Ырысбала Икрамбай сүйіктісіне қол көтерген Шәріп Серікті жақтады
-
"Ұлымды аңдып, артынан қалмады": Шәріп Серіктің анасы ұлына араша түсті
Еске салайық, Серік Шәріп жасанды интеллект арқылы өзін Қуандық Бишімбаевтың қасына отырғызып, видео жасағандардың үстінен арыз жазған еді.
Бұл туралы Арман есімді креаторлардың бірі хабарлады. Оның жасаған видеосы 4,5 миллионнан астам қаралым жинаған. Айтуынша, өзіне аудандық полиция басқармасынан қоңырау шалып, Шәріп Серік оған арыз бергені туралы хабарлаған.
"Қазір ресми жауап алынған жоқ. Маған түсініктеме беру үшін қоңырау түсті. Бірақ жауап алу түріндегі іс жүргізу әрекеттері әлі болған жоқ. Маған түсіндірілгендей, қазір материалдар тиісті органдарда қаралып жатыр", – деді ол.