"Ол түскен фильмдерді көрген жоқпын": Тәуекел Мүсілімнің жары оның танымалдылығы жайлы айтты
"Ол түскен фильмдерді көрген жоқпын!" Тәуекел Мүсілімнің жары күйеуінің танымалдылығы жайлы айтты. Сөзіне қарағанда, екеуі танысқанға дейін ол Тәуекелді актер ретінде білмеген. Тіпті ол түскен фильмдерді көрмепті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Одан бөлек, актердің жары мамандығы жайлы айтты. Ол 7 жыл бойы медицина университетінде "жалпы тәжірибелік дәрігер" мамандығы бойынша білім алған. Бүгінде көпшілік Тәуекелдің жары ретінде танығанымен, өзін шоу-бизнестен көрмейді. Мұнысын ұяңдығымен байланыстырады.
Бүгінде 1 жасар Айтөремен декреттік демалыста отырған ол болашақта науқастарды емдеумен айналыспақ.