Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол туралы ойламаймын деп шештім": Мақпал Исабекова артық салмақ жайлы айтты

Осыдан үш ай бұрын тұңғышын босанған Мақпал Исабекова артық салмақ жайлы сөз қозғады. Ол әзірге сырт келбетіне мән бермейтінін айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Салмақ қостым. Ол дөңгеленген бетімнен көрініп тұр. Бірақ әзірге салмақ жайлы ойламаймын деп шештім, қазір ең бастысы менің сәбиім. Жақсылап тамақтансын, ал ол үшін менің жақсылап тамақтануым керек. Ешқандай шектеусіз және күйзеліссіз. Барлығы қалыпқа келеді, оған күмәнім жоқ. Салмақ та, сырт келбет те. Әр нәрсе өз уақытымен. Қазір ана болудан және тәттілерден рахат алып жатырмын", – деп ағынан жарылды әнші. 


"Томпақ, бәліш деп айқайлайтын": Айдана Меденова артық салмағы үшін қорлық көргенін айтты


Айта кетейік, Исабекова 38 жасында ана атанды. Ол ұлын Теодор деп атады. Әншінің айтуынша, оның ұлы – алты түрлі ұлттың өкілі.

Талқылау