Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ол түні тыныш болды": Ақсуда қатыгездікпен өлтірілген әйел мен екі баласы жайлы көршілері айтты

Ақсуда болған қанды оқиға жайлы марқұмның көршісі айтып берді. Осыдан бірнеше күн бұрын пәтерден 35 жастағы әйел мен оның екі баласының мәйіттерінің табылуы тұрғындарды дүр сілкіндірген еді. Қылмыскер барлығын да пышақтап өлтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

үй

Зейнеткерлер мен тұрмысы жақсы отбасылар ғана тұратын көп қабатты үйде мұндай қылмыс орын алатынын ешкім ойламаған. Белгісіз біреу 35 жастағы Зухра мен оның 5 және 7 жастағы қыздарын аяусыз өлтірген. Көршілері марқұм әйелдің тәрбиелі болғанын айтады. Ол жақында ғана осы үйге көшіп келген.

"Таңертеңнен кешке дейін жұмыста жүретін. Тіпті далада демалып отыруға уақыты жоқ еді. Біз бұл қылмыстың қалай болғанына таңғалып отырмыз. Ешқайсымыз шу естіген жоқпыз. Тағы бір көршіміз далаға түнгі 2:00-де шығып, темекі тартқанын айтады. Бірақ ешнәрсе естімеппіз. Қазір жазда барлығымыз терезе ашып ұйықтаймыз ғой. Артық дыбысты естіп жатамыз. Бірақ ол түні тыныш болды", – дейді марқұмның көршісі Виктория Вольф. 

Марқұмдардың мүрделерін отағасы мен атасы тауыпты. Алдағы уақытта қаза тапқандар Шымкентте жерленбек. 

Қазіргі уақытта күдікті қолға түскен. Ол 36 жастағы Зухраның танысы екен. Бүгінде тергеушілер оқиғаның себебін анықтауда. Полицейлердің күдіктіні ұстаған сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралуда. 

Талқылау