Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Шақырмауды өтінді": Абат Айымбетов маусымда өтетін матчтарға неге қатыспайтыны белгілі болды

Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев "Адана Демирспордың" шабуылшысы Абат Айымбетовтің неге команда сапында жоқ екенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кеге ұлттық құраманың бапкерлер штабы Беларусь пен Солтүстік Македония құрамаларына қарсы өтетін матчтардың тізімін жариялады. Алайда командаға Бахтиёр Зайнутдинов ("Бешикташ", Түркия), Рамазан Оразов ("Силькеборг", Дания) және Абат Айымбетов сияқты шетел чемпионаттарында өнер көрсетіп жүрген бірнеше ойыншы шақырылмаған.

"Бахтиёр Зайнутдинов жарақат алған. Ол құрамаға қолдау көрсету үшін 30 мамырда ұлттық құрама орналасқан жерге келеді. Жігіттердің атмосфераны сезінуі, Бахтың бізбен бірге екенін түсінуі маңызды және бұл оларға сенімділік береді.

Абат Айымбетов пе? Біз онымен хабарластық – отбасындағы жағдайға байланысты өзі ұлттық құрамаға шақырмауды өтінді. 30 мамырда өтетін чемпионаттың финалдық кездесуінен кейін ол Ақтөбеге оралады.

Отбасындағы жағдай шынында да ауыр, біз оған түсіністік танытып, жеке сөйлестік. Қазір оның жақындарының қасында болуы керек екенін түсіндік", – деп келтірген Әлиевтің сөзін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз-қызметі.

Аида Тақабаева
Жұма, 30 Мамыр, 2025 15:12
Талқылау