"Ол өлген жоқ, оны өлітірді": Марадонаның жанкүйерлері футболшының өлімін әділ тергеуді талап етті
Аргентина астанасында жүздеген адам Диего Марадонаның өлімін әділ тергеуді талап етіп, көшеге шықты. Әйгілі футбол ойыншысын қастерлеушілер оны өлтірді деп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

"Ол өлген жоқ, оны өлітірді" деген ұранмен өткен шеруге қарапайым адамдармен бірге Марадонаның қыздары, шешесі және әйелі қатысты. Олар қолдарында үнпарақша ұстап, оның өліміне кінәлілерді жазалауға шақырды.
Бірақ шара соңы карнавалға айналды. Шерушілер қала көшелерінің бірін жауып, Марадона туралы ән айтып, оны еске алды.
Айта кетейік, Диего Марадона былтыр қараша айында жүрек талмасынан өкпесі қабынып қайтыс болған. Қазір тергеушілер ол медициналық селқостықтан көз жұмды ма деген сұраққа жауап іздеп жатыр. Іске қатысты марқұмның жеке дәрігерімен бірге 7 адам тергеліп жатыр.
"Адамдар келсе айт, жылауға дайындалайық": Қазақстандықтар жаназа кезінде бастан кешірген жағымсыз жайттары туралы баяндады
Желі қолданушысы: "Қазақтың жерлеу рәсімін жек көремін"
Не себепті Қазақстанда туу көрсеткіші Ресейден жоғары? Сарапшылар мұның пайдасы мен зиянын айтып берді
Демограф: “Жастар арасында child free ұстанымына бет бұру үрдісі бар”