“Ол кісінің жақсылықтарын халық әлі-ақ айтады”: Экс-шенеунік қаңтар оқиғасында Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін қиратқандардың әрекетін сынады
Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталов қазақстандық журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздік үшін атқарған еңбегі туралы, Болат Назарбаевпен байланысы және қаңтар оқиғалары туралы тоқталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дереккөз Время басылымы
Баталов Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздікке қосқан үлесінің өте көп екенін айтады.
“Әрине, өте көп. Менің ойымша, біздің екі көршіміз аю мен айдаһар (Ресей мен Қытай) тұрғанда, бірден шекара мәселесін бекітіп алғаны үлкен еңбек. Мен ол кісіні әлі күнге дейін сыйлаймын”, – дейді экс-шенеунік.
Баталов тұңғыш президентпен соңғы кездесуі туралы да айтты. Сөзінше, олар Астанада 12 тамыз күні Орта Азиядағы ең үлкен мешіттің ашылуында жолыққан.
“Мені мешіттің ашылуына шақырды. Кейбіреулер баруға қорықты деп айтып жатады, қанша адамды шақырғанын нақты білмеймін, бірақ мен бардым. Бардым, сөйлестім, сәлемдестік, бірге отырдық. Көптеген кәсіпкер болды, Назарбаев мұның барлығы халық үшін жасалып жатқанын айтты”, – деп еске алады ол.
Амандық Баталов сонымен қоса тұңғыш президенттің туған інісі Болат Назарбаевпен байланысы туралы айтты. Ол өзінің қызметте өсуіне Болат Назарбаевтың үлесі бар деген әңгімені жоққа шығарды.
- Назарбаев әулеті ел бюджетіне қай уақыттан бастап "қол сала" бастады – Экономика экс-министрі айтты
- Саясаттанушы Қазақстандағы Назарбаевтың атымен аталатын зияткерлік мектептерге Қаныш Сәтбаевтың есімін беруді ұсынды
- "Үшеуіміз": Назарбаев Лукашенкоға Путинмен түскен суреті бар альбом сыйлады
“Мені көбісі айтады сол кісінің “кадры” деп. Мен Бөкеңді (Болат Назарбаев) 90-жылдардан бері білемін. Сол кезде танысқанбыз. Мен өмірімде бір рет ол кісіден жұмыс сұрап немесе жағдайымды жасап берші деп айтқан емеспін. Бір-бірімізді өте жақсы сыйлаймыз. Ауырған кезде де жағдайын сұрап тұрдым. Мен ол кісінің немерелерімен көрші тұрғанмын, көріп қалған кезде жағдайларын сұраймын. Бірақ үйіне жиі баратындай қатынаста емеспіз. Нұрсұлтан Назарбаев облысқа келгенде де шақырса, барамын, шақырмаса, бармаймын”, – деп ашып айтты Алматы облысының бұрынғы әкімі.
Баталов қаңтар оқиғаларына да тоқталды. Журналист бұрынғы әкімнен Талдықорған қаласындағы Баталовтың әкім болып тұрған тұсында Болат Назарбаевпен бірге Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап салынған ескерткіштің қаңтар кезінде жиналғандардың қиратқанын еске алады. Баталов осы сәттегі көңіл күйімен бөлісті.
“Ол – тарих. Мұндай заттарды жасауға болмайды деп есептеймін. Содан не пайда тапты? Ол кісінің жақсылықтары қайта шығады деп ойлаймын, халық әлі-ақ айтады”, – дейді Амандық Баталов.