"Ол кезде жасым 11-де": Жұлдыз Әбдікәрімова ең алғаш кімнен гүл алғанын айтты
Фото: Жеке парақшадан алынды
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова балалық шағынан сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі алғаш рет кімнен гүл алғанын айтты.
“Жасым 11-де болса да, кешегідей есімде. 5-сынып оқушысымын. Біздің мектепте концерт өтетін болды. Мен сол іс-шараны жүргізбекпін. Есейіп қалдым деп ойлаған шағым болса керек, алғаш рет үлкен сахнаға шығамын деп қатты қобалжыдым. Бір апта үздіксіз дайындалдым. Сынып жетекшім концертке директор қатысады, ата-аналар қонаққа келеді деді. Менің үрейім одан сайын ұшты. Салтанатты кеш ойдағыдай аяқталып, аяқ-қолым дірілдеп, демім тартылып дәлізге шықтым. Осыны байқаса керек, анашым күлімдеп келе жатты. Қолында бір бума дала гүлі бар. Өзі жинаған, аспан көк түсті лентамен бантик етіп буып алған. Бұл менің ең алғашқы гүл шоғым еді. Қазір әр сахнадан кейін құшақ-құшақ гүлдер алғанда, сол алғашқы гүл шоғымның иісі есіме келеді де тұрады”, – деп жазды актриса.
-
"Шақыратын жігіт те жоқ": Қайрат Нұртастың әйелі көшеде оқыс оқиғаға тап болды
-
"Гүл мен сыйлық қайда?!": Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен құттықтады
Одан кейін өнер иесі жаңа үйінің қоныс тойын қашан жасайтынын да хабарлады.
“Өз үйіме кіріп алсам, қоныс тойға шақырамын. Бірақ әлі жөндеу жұмыстары да басталған жоқ. Қоныс тойға шақырамын. Тып-тыныш жатпаймын”, – деді кино жұлдызы.
Еске салайық, "Жұлдыз бөлек контент, мен бөлек контентпін" деп Қайрат Нұртас әйелімен бірге Дубайдан сәлем жолдағанын жазған едік.

"Дәрігерлер ішіңдегі балаңды алдыр деді": Астаналық азамат екі бүйрегі де істен шыққан әйелінің еміне көмек сұрайды
