Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Оқжетпес” командасының жаңа бас бапкері белгілі болды

Оқжетпес фкФото:Qfl.kz

Көкшетаудың “Оқжетпес” футбол клубы жаңа бас бапкер тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл міндет Ринат Әлюетовке жүктелді.
Бұған бейін бас бапкер міндетін Қайрат Нұрдәулетов атқарып келген еді.

Жаңа бапкерді клуб ұжымы мен жанкүйерлерге таныстыру рәсімі қала әкімі және облыстық футбол федерациясының президенті Ануар Қайыргелдіұлы Кумпекеевтің қатысуымен өтті.

Жиында клубтың алдағы маусымдағы стратегиясы мен негізгі мақсаттары айтылып, бапкер, команда және жанкүйерлер арасындағы бірліктің маңызы рөл атқаратынын ерекше атап өтілді.

Ринат Әлюетов Қазақстан футболында мол тәжірибесі бар маман. Ол Премьер-Лигада "Жетісу", "Жеңіс", "Тұран" және "Каспий" клубтарында жұмыс істеген.

2023 жылы ол "Елімай" клубында Бірінші лига чемпионатын жеңген маусымда бас бапкердің ассистенті ретінде команда жетістігіне елеулі үлес қосқан.

Сонымен қатар, Ринат Мұратұлы жас футболшылардың дамуына ерекше мән береді. Ол "Алтай" футбол орталығында (Өскемен), "Жетісу" жастар құрамында және Қазақстанның U-16 жасөспірімдер құрамасында жұмыс тәжірибесіне сүйене отырып, жастарға арналған бағдарламаларды жүргізуге ниетті екенін атап өтті.

 

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 08 Қаңтар, 2026 19:52