Оқушы қызға азғындық жасады деп сотталған қызылордалық мұғалім түрмеден хат жазып жіберді
Уақытша қамау абақтысында жатқан қызылордалық мұғалім Әкпар Исахаев оқушы қызға азғындық әрекет жасамағаны, жаладан жазықсыз күйіп отырғаны жөнінде хат жазды.
Әкпар Исахаевтың заңды өкілі әрі баласы Ержан Исахаев кеше Қызылорда қаласындағы уақытша қамау абақтысында әкесімен кездескенде осы хатты қолына ұстатып жібергенін айтады.
«Әкем қатты ренжулі. Бостан-босқа, жазықсыз отырмын дейді. Біз енді істі қайта қарау үшін апелляцияға бердік. Айдың соңында қорытындысы белгілі болады. Үмітті үзбеймін, әділ үкім күтеміз», – дейді ол.
Естеріңізге сала кетейік, «Қыз балаларға азғындық жасамақ болды» деп айыпталған қызылордалық мұғалім Әкпар Исахаевтың 10 жылға бас бостандығынан айырылғаны жөнінде жазған еді. Алайда, оның қорғаушысы және жақындары, Белкөл ауылының тұрғындары 35 жылдық еңбек өтілі бар ұстаздың үстінен тағылған айыппен келіспей отыр.
Тағы да оқыңыз:
Қазақ жігіті мұқтаж жандарға тегін үй салып беріп жүр
“Сақалды әйел” атанған ОҚО тұрғыны күйеуімен бақытты ғұмыр кешуіне сақалы себеп екенін айтады (фото)
Балғынбек Имашев елбасыдан Атамбаев үшін кешірім сұраған қырғыз ақынына жауап берді (видео)