Оқушыны есікті қатты қаққаны үшін ұрған: Шымкентте мұғалім 25 тәулікке қамалды
Фото: shutterstock.com
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында оқушыға қол көтерген мұғалімнің ісі қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот мәліметінше, бұл жағдай осы жылдың жылдың наурыз айында болған. Мұғалім мектеп-лицейде сабақ өтіп жатқанда оқушы сынып есігін қатты қаққан, осыған ашуланған мұғалім оған қол көтерген.
Іс материалдарында денсаулыққа ауыр зиян келтірілгені айтылмаған, алайда мұғалім кәмелет жасына толмаған оқушыға физикалық күш қолданған. Оқушының анасы мұғалімге кешірім бермей, полицияға арыз түсірген.
Оқытушыға Қылмыстық кодекстің тән ауруына ұшыратқан, бірақ денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге алып келмеген ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттерін жасау бабымен айып тағылған.
Бұл баптың санкциясы – 100 АЕК көлемінде айыппұл немесе қоғамдық жұмысқа тарту, сондай-ақ 30 тәуліктен 50 тәулікке дейін қамауға алу.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мұғалімді кінәлі деп танып, 25 тәулікке қамаққа алу жазасын тағайындады. Өзі де кінәсін толық мойындап, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдірген.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қаржылық жағдайы нашарлаған қазақстандықтар алимент төлеуден босатылады: Әділет министрлігі өзгерістерді түсіндірді
