AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Оқушылардың күзгі демалысы қашан басталады?

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова оқушылардың күзгі демалысы туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Оқушылардың күзгі каникул уақыты да жақындап қалды. Қазіргі кезде барлық мектепте жиынтық бағалау жұмысы жүргізіліп жатыр. Келесі аптада барлық негізгі пәндер бойынша тоқсандық жиынтық бағалар қойылады. Кейін оқушылар демалысқа шығады. 1-7 қараша аралығында күзгі демалыс болады", – деді Каринова орталық коммуникациялар қызметінде онлайн брифингте.

Оның айтуынша, мектеп оқушылардың басым бөлігі екі ауысымда оқып жатыр. Бірақ үш ауысыммен (2 процент) оқитын балалар да бар.

"Бүгінде оқушылардың 86,4 проценті барлық санитарлық талапты сақтай отырып, штаттық режимде оқып жатыр. Аралас форматта – 11,6 пайызы, сондай-ақ ата-аналардың өтініштері негізінде 0,6 пайызы қашықтан білім алуда", – деп атап көрсетті Каринова.

Осы орайда вице-министр сабақты онлайн форматта өткізу тәртібін түсіндірді. Егер сыныпта оқушы көп болса, онда сабақты қашықтан ұйымдастыруға рұқсат бар. Әрбір мектеп өзі шешім қабылдайды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр