Қазақстанда оқушылар мектепке түрлі-түсті шашпен бара ала ма – Министр жауап берді
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мұғалімдердің тамыз саммиті аясында оқушылардың мектептегі шаш үлгісіне қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Журналистер министрден шаштарын ашық түске бояп алған оқушылардың мектепке сол күйде келуіне рұқсат етіле ме деп сұрады.
"Әр мектептің өзіндік ішкі тәртібі бар, мектеп өзінің басты міндеті – сапалы білім мен саналы тәрбие беруден ауытқымауы керек. Мектептердің ішкі ережелері балалардың оқу үлгеріміне, мінез-құлқына және сыртқы келбетіне қатысты мәселелерді бекітеді. Сондықтан мектеп оқушылары мектепке барарда бір ғана мақсат – сапалы білім алып, табысты тұлға болуға ұмтылуы керек", – деді Ғани Бейсембаев.
Ал БАҚ өкілдерінің оқушылардың мектепке ашық түсті шашпен келуіне бола ма, жоқ па деген нақты сауалына министр қысқаша: "Әрине, жоқ, бұл тәрбие ғой” деп жауап берді.
Еске салайық, бұған дейін министр мектепке қысқа белдемше киюге тыйым салу туралы петицияға пікір білдірген еді.

Қазақстандық студенттер оқу ақысының негізсіз қымбаттағанына наразы: ЖОО-лар келесі оқу жылына бағаны қаншаға өсірді
