Министр мектепке қысқа белдемше киюге тыйым салу туралы петицияға пікір білдірді
Қазақстандық мектептерде қысқа юбка киюге тыйым салу туралы жақында басталған петицияға білім министрі Ғани Бейсембаев түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: rawpixel.com
Министр мектеп формасына қатысты ережелер бұрыннан бар екенін айтты.
"Әр ата-ана мен оқушы мектепке сапалы білім алып, жетістікке жету үшін келетінімізді түсінуі керек. Сондықтан басты мақсатты басқа мақсатпен шатастырмау керек. Петиция туралы айтар болсақ, мектеп формасына қатысты белгілі бір ережелер мен талаптар бар. Оқушылар осы ережелерді сақтауы керек", – деді Бейсембаев.
Мектеп формасы туралы ережеде белдемшенің ұзындығы туралы нақты ақпараттың жоқ екенін айтты журналистер.
“Ендеше, болады", – деп жауап берді Ғани Бейсембаев.
Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда оқушылардың мектеп формасына қатысты петиция жарияланғанын жазғанбыз.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"