Оқушы бала оттықтағы газды иіскеймін деп мерт болды
Санкт-Петербургте мектеп оқушысы оттықтағы газды жұтып мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Telegram-арнасының хабарлауынша, қайтыс болған жасөспірім 14 жаста болған. Болжам бойынша, ресейлік жеткіншек ләззат алғысы келгендіктен газды жұтқан.
Оқиға орнына жеткен дәрігерлер баланың жанын аман алып қалуға тырысқанымен мүмкін болмады.
Талқылау
Пікір