Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Құдайға тіл тигізді": Нигерияда колледж студентін достары дінге қатысты ойы үшін ұрып-соғып, өртеп жіберген

Нигерияның Сокотодағы Дебора Самуэль есімді студентін желіге жолдаған мұсылман дініне байланысты пікірі үшін ұрып-соғып, өртеп жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Студенттер WhatsApp желісінен топ ашып, сол жерде бір қолданушы исламды сынап мақала жариялады”, – дейді аты-жөнін айтудан бас тартқан куәгерлердің бірі.

Ол Пайғамбарға тіл тигізетін сөздер жазылған аудиожазба түсіріп, оны топқа жариялаған. 

Куәгерлердің айтуынша, мектеп күзеті мен полицейлер қызды аман алып қалуға тырысқанымен, бұл әрекеттері сәтсіз болған. 

"Полиция көзден жас ағызатын газ қолданды. Сосын студенттерді тарату үшін ауаға оқ атты, бірақ олар қарсылық көрсетті", - деді екінші курс студенті Суммая Усман Иннаме.

Дебора Сэмуэльді бейсенбі күні WhatsApp желісіндегі топта Исламды қорлайтын жазбалар жариялады деп айыптаған мұсылман студенттер ұрып-соғып, өртеп жіберген.

Оның бұндай өліміне кінәлілерді Нигериядағы христиандар да, мұсылмандар да қатты айыптады.



Сокотодағы Шеху Шагари білім беру мекемесі колледжді белгісіз мерзімге жапқанын айтты.

Нигерияда негізінен христиандар оңтүстікке, мұсылмандар солтүстікке бөлінген.

Өткен аптада христиандық студентті өлтірген екі күдіктіні босатуды талап еткен наразылық білдірушілер көшеге шыққаннан кейін Нигерияның Сокото қаласына 24 сағаттық коменданттық сағат жарияланған.

Сенбі күні демонстранттар дөңгелектерді өртеген, ал полиция болса оларға қарсы көзден жас ағызатын газды қолданған. Қарсылық танытқандар Сокото сұлтанының және Нигериядағы ең жоғары мұсылман діни қызметкері Мұхаммед Саад Абубакардың сарайын қоршауға алған. 

Президент Мухаммад Бухари Самуэльдің шабуылдаған студенттерді айыптап, бейтарап тергеу жүргізу керектігін айтты. Ал Нигериядағы христиан шіркеулерінің ең үлкен тобы биліктен қылмыскерлерді жауапқа тартуды талап етті.

Мұсылман жастары бүлік шығарып, қыз денесін өртеп жіберген екі күдіктіні босатуды талап етті. Ашынған топ қала орталығына шегініп, христиан тұрғындарына тиесілі дүкендерді тонап алмақ болады. Алайда патрульдер оларды таратып жіберген.

Ашулы топ Дебораны Нигерияның солтүстік-батысындағы Сокото қаласындағы Шеху Шагари мектебінде жасырынып жатқан қауіпсіздік бөлмесінен сүйреп апарып, жан түршігерлік әдіспен өлтірген.

Нигериялық белсенді, комедияшы Дебо Адебайо бұл қатыгез әрекетті айптағандар қатарында болды.

"Көптеген мәліметтерге сәйкес, Сокотодағы Шеху Шагари мұғалімдер колледжінің студентін Құдайға тіл тигізді деп айыптап, Дебораны асқан жауыздықпен өлтірген. Қоғамда іс-әрекеттің бақыланбаса, тәртіпсіздіктер де  солай болады. Үкімет ұйқыдан оянуы керек”,- деді белсенді.

Талқылау