Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Анайы суреттер ата-аналардың ашуын тудырды: Республикалық баспа жыныстық қатынас бойынша оқулықтар жайлы пікір білдірді

Қазақстандық желі қолданушысын балаларға арналған жыныстық қатынас туралы құрастырылған оқулық ашуландырды. Бұл туралы жауапты органдар ресми түсініктеме жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кітап
Автор жазылушыларын egov.kz сайты арқылы кәмелетке толмағандардың репродуктивті және психикалық денсаулығын қорғау бойынша медииналық көмек ұйымдастыру ережелеріне қарсы дауыс беруге үндейді. Жазба авторы "балалардың назарына ұсынылатын" жыныстық сауаттылық туралы кітаптағы суреттерді мысалға келтіреді. Көпбалалы ана Зиуар Жұманова бұл мәселені шешулерін сұрап мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жолдапты.

Осыған орай StopFake.kz редакциясы "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығына сұрау салыпты

"Жазбада көрсетілген кітаптың қазақстандық оқулықтарға еш қатысы жоқ. Оның үстіне Қазақстанда мектептерде жыныстық тәрбие беру сабақтары өткізілмейді. Мектеп оқулықтарының мазмұны Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға (ҚР МЖМС), әрбір пән бойынша ҚР БҒМ бекіткен типтік оқу жоспарлары мен типтік оқу бағдарламаларына сәйкес құрастырылады. Бұл құжаттарда жыныстық тәрбие беру туралы пән жоқ", — деді орталық директоры Ғани Бейсембаев.

Сөзінше, оқулықтарды мектеп бағдарламасына енгізбес бұрын оның мазмұны сараптамадан өтеді және бірнеше кезеңмен мақұлданады. Сондықтан жарияламас бұрын ақпаратты тексеру керек. Бұған қоса ол оқулықтар ҚР МЖМС мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ типтік оқу жоспарлары мен типтік бағдарламаларға лайық болуы керек екенін алға тартты. Мектеп мұғалімдерінен бөлек, жоғары оқу орындарының оқытушылары да сарапшы ретінде оқулыққа баға береді. Сонымен қатар, дайындық барысында «Оқулық» РҒПО сайтында жыл бойы қоғамдық талқылау жүргізіледі.



"Кітап авторлары өңірлік семинарларда өз жұмыстарын таныстырып, мұғалімдер қауымдастығының бағалауына ұсынады. Сараптамалық баға берілген соң, ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен пәндер бойынша арнайы комиссия құрылады, ол оқулықтардың мазмұнының оқу бағдарламаларына сәйкестігін анықтайды. Сондай-ақ, құқықтық баға беру үшін жалған ақпаратты тарату фактілері ІІМ жолданды", - деп қосты Бейсембаев.

Айта кетейік, жалған ақпарат таратқаны үшін Қазақстанда ҚР ҚК 274-бабы бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Талқылау