Қазақстанда жігіт оқу ақысын төлеу үшін жанармай құю бекетін тонаған
Өскеменде электр арамен жанармай құю бекетіндегі кассаны тонамақ болған 20 жастағы жігіт үш жылға сотталды. Ол оқуының ақысын өтеу үшін осындай әрекетке барған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Күзетші жігітке қарсыласып, қолына түскен темір банкаларды лақтыра бастаған. Олардың бірі шынжырлы араға түсіп, cалдарынан құрылғы тоқтап қалған.
Кейін жігіттің қолындағы құралы залалсыздандырылып, полицияға тапсырылды. Жігіт бұл қылмысқа университеттегі оқу ақысын төлеу үшін барғанын айтты. Сот оған үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
“Сот осы қылмыстық іске жаза түрін анықтау кезінде қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлардың болмауы, кінәні мойындау және шын жүректен өкінуін ескеріп үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – деді Өскемен қаласының № 2 сотының судьясы Эльдар Мұқаев.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"