Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да жас жұбайлар алғашқы түндерін далада өткізді

Оңтүстік Қазақстан облысында ұзату тойынан кейін жолға шыққан жас жұбайлар алғашқы түндерін далада өткізді.

рт

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Жаңадан үйленген күйеу жігіт пен үстіне той көйлегін киген қалыңдық алты сағат бойы қар құрсауында қалып қойған. Күйеу жігіт болашақ жарын өз ауылына алып келе жатқанда жас жұбайлар бораннан Шыбықбел асуы маңында қалып қойған.

Боранға үсіп қалу қаупі туындап, әбден әбігерге түскен жас жұбайлар мен олардан бөлек бес көлік амалсыз құтқарушылардан көмек сұраған. Шақырту түскеннен кейін, төрт сағат дегенде оқиға орнына әзер жеткен төтеншеліктердің құтқару жасағы сәл кешіккенде жас жұбайлардың өміріне қауіп төнген болар еді деп отыр.

“Осы құтқарылғандардың ішінде жаңадан келін болып түскен азаматшамыз бар екен. Алты автокөлік жолыққан. Барлығын қар құрсауынан шығарып, аман-есен жолға шығарған”, – дейді ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Зарипа Тұрысбекова.


Жіберіп алмаңыз:

Алматы облысында жантүршігерлік апатқа түскен жүргізуші тілге келді

Қарағандыда саңырау анасы 2 жасар қызының ыстық суға құлап кетіп көз жұмғанын байқамаған

Павлодарда балаларды құтқарып қалған полицейлердің ерлігіне күмән келтірілді

Автобус әйелді бірнеше метр жерге дейін сүйреп кетті (видео)

Талқылау