Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда саңырау анасы 2 жасар қызының ыстық суға құлап кетіп көз жұмғанын байқамаған

Қарағандыда прокурорлар екі жасар қыздың қазасына байланысты тергеуге дейінгі тексеріс жүргізіп жатыр.

1614450

Фото: Константин Чалабов

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Қайғылы оқиға қаланың Октябрь ауданында орын алған. Анасы кішкентай қызын жуындырып алмақ болады. Әйелдің көршілерінің айтуынша, ол баласын ыстық су құйылған ваннаға абайсызда құлатып алған. Денесі қатты күйіп қалған қыздың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.

“Сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл іс бойынша күдікті – қайтыс болған қыздың 43 жастағы анасы” — деп хабарлады аудандық прокуратура бөлімінің бастығы Сабыр Саржан.  Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша көз жұмған бала сал ауруымен, туа біткен орталық жүйке жүйесінің дертімен ауырған. Өткен жылдың желтоқсан айында ол Астанада ем қабылдаған.

“Баланың анасының құлағы естімейді әрі сөйлей алмайды. Қызын жалғыз өзі тәрбиелеген. Олар Қарағандыда уақытша туысқандарының үйінде қонақта болған”, — деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасындағылар.  Қазіргі уақытта әйел уақытша ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр. Таныс адамдарының айтуынша, анасы қызының қазасына қатты қайғырады. Төтенше жағдайдың барлық мән-жайын құқық қорғау органдары тексереді.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодарда балаларды құтқарып қалған полицейлердің ерлігіне күмән келтірілді

Автобус әйелді бірнеше метр жерге дейін сүйреп кетті (видео)

Алматыда жас жігіт сүйіктісін пәтерге шақырып досына зорлатқан (фото, видео)

Талқылау