Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Автобус әйелді бірнеше метр жерге дейін сүйреп кетті (видео)

Камчаткада рейстік автобус әйелді бірнеше метр жерге дейін сүйреп әкеткен.

6363

Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.

Оқиға ақпан күні сағат 21:20 шамасында болған.

“Победа даңғылының бойындағы аялдама тұсында рейстік автобус жүргізушісі барлық жолаушылар шығып болғанын күтпестен, есігін ашық қалдырған күйінде жүріп кеткен. Сол кезде салоннан 52 жастағы әйел жолға құлап түскен”, – деп хабарлады полиция.

Әйелдің аяғы ілініп қалғанына қарамастан, автобус қозғалысты тоқтатпаған. Автобус жүргізушісі әйелдің ілініп қалғанын аңғармастан, 1,5 шақырым жерге дейін сүйреген. Қазіргі уақытта не жүргізушінің, не жолаушылардың, не басқа да қатысушылардың неліктен жағдайды байқамағаны анықталу үстінде.

Зардап шегуші аурухананың нейрохирургия бөліміне жеткізілген. Алайда 17 ақпан күні көз жұмады.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары аталған оқыс оқиғаға байланысты тексеруді бастап кетті.

Оқи отырыңыз:

Оңтүстік Қазақстан облысында егде ерлі-зайыптыларды шауып тастаған

Ұлы анасын күрекпен ұрып, ауласына тірідей көміп тастаған

Қазақстандық әйел өзін асқан хайуандықпен зорлаған қожайыны туралы айтып берді

12 жастағы қызды туған ағасы зорлап жүкті қылған

Талқылау