Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да оқушылар әкімдік ғимаратында білім алуда

Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданы, Ұзынарық елді мекенінде оқушылар әкімшіліктің ескі ғимаратының тар кеңселерінде сабақ оқуға мәжбүр. Он шаршы метр аядай бөлмеде өкпесі қысылған жиырма бала,  бұнда әкім болу үшін емес, білім алу үшін жүр. Өйткені, жазда басталған күрделі жөндеу әлі бітпеген,-деп жазды 31 арна.

оқу

Оқушылар ауыл әкімдігінің ескі ғимаратына алты ай бойына сабақ оқып келеді. Тұрғындар «мұндағы кеңселерді сынып деп айтуға ауыз бармайды», – деп отыр.

Құрылыстың кешеуілдеуінен 262 оқушы екі ауысымда дәл осы ауыл әкімдігінің ескі ғимаратындағы тар кеңселерде сабақ өтуге мәжбүр. Бір балаға 2 шаршы метр тиесілі екендігін ескерсек, 10 шаршы метрден аспайтын тар кеңседе жиырмаға жуық баладан отыр

«Ал тұрғындар құрылыстың дәл оқу жылы басталар уақытта жөндеуге тұрғанына таң. Желтоқсанда беріледі дегені әлі созылып келеді, тіпті құрылыс тоқтап та қалды – дейді Төле би аудандық білім бөлімінің бас маманы Нұрлан Қырбасов

«Балалардан обал шынына келгенде. Бұл өзі мектепті кеш бастады. Август айында бастапты. Содан кіре алмай отырмыз мектебімізге. Мұны енді кімнен сұрарымызды да, кімге айтарымызды да білмейміз»,-дейді тұрғын  Беркінбай  Әліпбаева.

Мектеп басшылығы бұл уақытша қиындық, бүгін-ертең жаңарған мектепке көшеміз дейді. Алайда мердігер компания тапсырыс беруші білім бөлімінің құрылысқа 24 млн-дай қаржы берешегі бар, төленсе жұмыс та аяқталады дегенді айтады. Бірақ білім бөліміндегілер жұмысты тапсырмайынша, берешек қарыз төленбейді деп отыр.

«Наурыз-сәуір айларында толық аударылуы керек-тұғын. Бірақ келісім-шартта көрсетілгендей, қалай мектеп бітеді, сол кезде ақша аударылады. Ал оған дейін құрылыс созылып жататын болса, онда ақша аударылмайды»,-дейді Төле би аудандық білім бөлімінің бас маманы  Нұрлан Қырбасов.

Билік тұрғындар айтқандай, жөндеу жұмыстары тоқтаған жоқ, тек жауынды күндері болғандықтан, сыртқы жұмыстары уақытша тоқтатылды дейді. Ауыл тұрғындары болса, жылу болмағандықтан жөнделген мектептің іші көгеріп жатыр дейді. Сәуірде бітсе, мамыр айында бір айға ғана оқытады ма сонда деп таңданысын жасырмады.

Оқи отырыңыз:

Сыныптасының сәтсіз әзілі оқушы қыздың омыртқасын оңдырмай жарақаттады

Ақтаулық оқушы зағип жандарға арналған смарт-тақия ойлап тапты

Ғалымдар: Толық оқушылар құрдастарымен салыстырғанда төмен баға алады

Алматы мектептері “Көк китпен” күресудің амалын тапты

Талқылау