Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да мұғалімдер сағатын көбейту үшін сау балалардың тағдырын ойыншық қылған

Оңтүстік Қазақстандағы Бәйдібек ауданында бірінші сыныпқа барған 10 оқушының сыртынан ақыл-есі дамымаған деп жалған құжат жасап, оларды мүгедек ретінде өзге балалардан оқшаулапты. Бұл туралы КТК хабарлайды.

5656

Ал инклюзивті сынып ашып, оқушыларды соған өткізу үшін керек ата-ананың рұқсатын директор мен мұғалімдердің өзі жазып отырған. Өзге оқушылардан жынды деген мазақ естіп жылаған 10 баланың жайын ата-аналар тек жарты жылдан кейін біліп отыр.

Бәйдібек ауданына қарасты Амансай ауылындағы мектепте бір жарым айдан бері береке кеткен. Оқу жылы басталғанда 1-ші сыныпқа баруы тиіс 22 оқушының 10-ын бөлектеп, инклюзив сыныбы деп оқшаулапты. Яғни олар мектеп табалдырығын аттамай жатып, денсаулығында кемістігі бар болып шыға келген. Ал бұл туралы ата-аналар тек жарты жылдан соң бір-ақ біліп отыр.

“Бұның бәрі не үшін керек болды?” деген сұрағымызға Сейдуалы Ғазима мен психолог сағат ашу үшін керек болды деді. Балам онсыз да қазір миынан мүгедек боп қалды. Мен жынды емеспін тәуір баламын ғой дейді”, – деді оқушының анасы Жазира Елшібекова.

Құзырлы орындарға өткізілуі тиіс ата-ананың жазбаша рұқсатын мектеп басшылығы сырттай өздері дайындап отырған. Ұл-қызы мектепке барудан бас тартып, инклюзив жайын білген әке-шешелерінің арызынан соң ғана психолог пен сынып жетекшісі және директор жұмыстан қуылды. Ал қыркүйекте “оқушылардың ақыл-есі дамымаған” деп қорытынды шығарған мекеме даудан соң бәрін бірдей қалыпты бала санына қоса салған.

Айғай шығарғаннан кейін дені сау, жалпы мектепте оқытылсын деген қағаз беріп кетеді.

Аудандағы білім саласы былыққа батқанын жауапты басшылар да жасырмайды. Айтуынша, әу баста сынып инклюзив емес коррекциялық сынып ретінде ашылған. Алайда коррекциялық дегенді оқушылар түгілі директор дұрыс түсінбей бүкіл елді шатастырып тыныпты.

“Ата-аналарға мектеп басшылығы жөндеп түсіндірмеген. Инклюзивті класс дегенді қайта дарынды балаларды үйрететін класс деп айтқан”, – деді ОҚО Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ержан Бұрханов.

Жалған құжат жасаған директор мен екі мұғалім жұмыстан қуылса да іс әлі біткен жоқ. Қазір олардың мәселесін прокуратура қарап жатыр. Сондай-ақ, білім саласының шенеуніктері Бәйдібек ауданының бүкіл мектептерін тексермекші.

Оқи отырыңыз:

Желі қолданушылары: жігіттің ішінде жыны сөйлеп тұр ма, әлде талант па? (видео)

Теміртауда педофил мектеп маңында оқушы қызды зорлап кеткен

Есінен тандыра сұлатып түсетін оқушылардың ойыны жұртты шошытты (видео)

Шымкентте жаңа туған сәбиін көшеге тастап кеткен әйел видеоға түсіп қалды

Талқылау