Теміртауда педофил мектеп маңында оқушы қызды зорлап кеткен
Теміртау Ішкі істер басқармасы халықтан мектеп маңында оқушы қызды зорлап кеткен белгісіз педофилді ұстауға көмек көрсетуін сұрайды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

Теміртау ІІБ шығыс полиция бөліміне түскен мәліметте Теміртаудың екінші шағын ауданындағы №120 мектептің маңында кәмелеттік жасқа толмаған қызға белгісіз ер адам шабуылдағаны жазылған. Қазір соталды өндіріс жүріп жатыр.
«Қылмыс жасаған ер адамның ұлты анықталған жоқ, арықша келген, бойы 170-175 см, салдыр-салақтау киінгені белгілі. Ол қара түсті тоқылған бас киім, қара күртешеде, қара кеудеше, қара спорттық шалбарда, қара кроссовкада болған», – деп хабарлайды ІІБ-ден.
Күдікті туралы естіген-білгендер болса, Теміртау ІІБ шығыс полиция бөліміне: 8 7213 95 42 00, 95 10 02 не 102 нөміріне хабарласуды сұраймыз.
Алматылықтар үй сыртындағы тарихи тақталарды алып тастауға қарсы шықты
Желі қолданушысы: "Ғимараттардың сыртқы келбетін бұзатын кондиционерлер орнатуға, балкондарды әйнектеуге жол бермеу керек еді"
Абай облысында 180 миллиард теңге жұмсалған жол үгітіліп жатыр
Орталық: "Нысандарды пайдалануға беру және учаскелер бойынша қорытынды есептерді дайындау алдында барлық анықталған кемшілік толық жойылған"