Қытайда сауда үйіне келуші өз балаларын төртінші қабаттан құлатып алды
27 ақпан күні сауда үйіне келуші өзінің екі баласын биіктіктен құлатып алған. Оқиға әкесі мен шешесінің бірі төртінші қабаттағы әйнек қоршаудың қасында кетіп бара жатқан кезде болған.

Бұл туралы Sina порталы хабарлайды.
Әзірге балаларды құлатып алған әкесі немесе шешесінің қайсысы екені белгісіз. Ол алдымен бірінші баласын құлатып алып, оны ұстаймын дей бергенде екіншісі де төменге қарай құлдилайды. Алған жарақаттан екі бала да бірден көз жұмған.
Сауда үйіндегі қоршаудың биіктігі 1,3 метр. Қайғылы жағдайды тексеру басталып кетті. Осындай жағдайдың Өзбекстанда да болғаны туралы жазған едік.
Оқи отырыңыз:
Шымкент мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі қаза тапты
Өскеменде анасы 2 жасар баласын өртеніп жатқан үйде ұмытып кеткен
20 жастағы қандықол жас баланың етін жеп жатқан сәтте ұсталды (фото)
Ақмола облысы тұрғыны адам өлтіріп, денесін қоқысқа тастай салған
"Жүрек тұсынан электрошокермен ұрып өлтірген": ҚазҰУ жатақханасында қаза тапқан студенттің туыстары оқиға туралы айтып берді
Туысы мәйітхана қызметкерлері Дауылдың өліміне жүрек тұсына тиген қатты соққы себеп болғанын айтқанын жеткізді
13 жыл бұрын үздік атанған алты шенеуніктің бесеуі сотталып кетті: Бұған не әсер етті
Тізімнің алғашқы төрттігіне Қуандық Бишімбаев, Самат Әбіш, Марат Бекетаев пен Дәулет Ерғожин енген