ОҚО-да мұғалімдер, полицейлер және дәрігерлерге қызметтік баспана беріледі
2018 жылы ОҚО мұғалімдер, полицейлер және медицина қызметкерлеріне қызметтік баспана беріледі. Бұл туралы ОҚО әкімдік баспасөз қызметі хабарлады.
«Ағымдағы жылы ОҚО әкімі Ж. Түймебаевтың бастамасымен облыстың 9 ауданынан 20 елді мекенде 20 қызметтік үйдің құрылысы басталады. Үйлер «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы салынады», -делінген баспасөз хабарламасында.
Екі қабатты тұрғын үй құрылысында 10 баспанда болады. Тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттен 1,6 млрд теңге қаржы бөлінді. Баспаналар облыстың мұғалімдеріне, медицина қызметкерлеріне, полицейлерге және өзге де мемлекеттік қызметтегі азаматтарға беріледі.
Нақытрақ айтсақ, Төле би ауданына бір үй, Отырар, Бәйдібек, Шардара, Созақ және Арыс аудандарына екі үйден, ал, Түлкібас, Кентау, Түркістан аудандарына үш үйден салынады.
Қазіргі уақытта мамандар құрылыстың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп жатыр.
Тағы оқыңыз:
Алматыда екі адам Жаңа жылдық отшашудың кесірінен көздерінен айырыла жаздады
Алматыдағы “Үшқоңыр” базарында өрт шықты
Үштөбе тұрғыны сүйіктісімен кездесу үшін көршісінің көлігін ұрлап әкеткен