Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да 47 жастағы ер адам өзіне жар іздеп жүр

ОҚО-ның Сарығаш ауылында 47 жастағы ер адам өзіне жар іздеп жүр.

17619027_1189827487806486_683204275_n

Замана газетінің редакциямыз­ға Сарыағаш ауданындағы Дербісек ауы­лынан хат кел­ді. Хат авторы Тынысбек Сәбденов былай деп жазған:

«Мен Дер­бісек ауылында тұратын Сапарбек Тө­ре­құловтың өзі­не жар болатын жан іздеп жүргені туралы газеттеріңізде жазуды өтінемін. Оның жасы қазір 47-де, өзі Дербісекте туып-өскен. Әкелері Досан соғыс ардагері екен 1987 жылы өмірден өтті. Олар отбасында 2 ұл, 2 қыз өскен. Аналары Шәрипа үлкен қызының қолында 3 жыл тұрып, 2015 жылы дүние салды.

Сапарбектің өзі 1-класқа барған жылы ауырып, кейін ата-анасы оны мектепке бермей қойыпты. Бүгінде ол үлкен әпкесінің үйінде тұрады.

Сапарбек 2-топ мүгедегі ретінде жәрдемақы алады. Оның жездесі мен әпкесі мектепте жұмыс істейді, үшеуі бір үйде тұрады.

Сапарбек бұрын бір мәрте үйленген. Оның мінезі жуас, арақ ішпейді, темекі шекпейді, ауылдан ешқайда ұзап шықпаған. Сапарбектің өзінен кішілеу жанмен отбасын құрғысы келеді, баласы бар болса да бас тартпайды.

Біз Сапарбектің отбасын құруын қалаймыз. Хатпен бірге сіздерге оның суретін де жолдап отырмын. Үйленсе, ол әпкесінің үйінде тұратын болады. Үй үлкен, бес бөлмелі, газ, су, бау-бақша, барлығы бар».

Сапарбекпен жездесі Көбейдің 8-702-263-26-10 нөмірлі байланыс телефоны арқылы хабарласуға болатынын айтты.

Біз оқырман өтінішін орындап, Дербісек ауылының тұрғыны Сапарбек Төреқұловтың жар болар әйел іздейтіні жөнінде жазып отырмыз. Қосымша айтарымыз, Сапарбек Бөгежіл руынан екен.

Тағы да оқыңыз:

Алматы облысында зорланған 8 жасар қызды оқушы бала құтқарып қалған

 

 

Талқылау