"Одан артық сыйлық жоқ": Оқу-ағарту министрі оқушылардың мұғалімдерге гүл сыйлағаны қаншалықты дұрыс екенін айтты
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 қыркүйекте мұғалімдерге сыйлық беруге қатысты өз ұстанымын білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Osnmedia.ru
Оның сөзінше, мұғалімге гүл сыйлаудың еш әбестігі жоқ.
"Тәтті беру туралы ойлану керек, себебі әркімнің өз қалауы бар. Бірақ меніңше, оқушылардың шын жүректен гүл сыйлағаны ұстазға көңіл сыйлайды. Оқушылардың ұстаздарымызға шын жүректен, сүйіспеншілікпен гүл шоқтарын сыйлауы дәстүрге айналған. Менің ойымша, гүлден артық сыйлық жоқ. Мен ұстаз ретінде оқушының пәк көңілімен сыйлаған гүлдері ең әдемі нәрсе деп ойлаймын ", –деді министр мұғалімдер саммиті аясында.
Бұл ретте Бейсембаев гүлдің құнына қандай да бір шектеулердің бар-жоғын нақтыламады.
"Денем кез келген уақытта ісіп кетеді": Қазақстандық өзінің ісік ауруымен ауыратынын 50 жылдан кейін ғана білген
Қазақстанда шамамен 700-ден 1500-ге дейін пациент болуы мүмкін
Қазақстандықтар қытайлық сайттардан жануарларға тапсырыс беріп, өлтіріп алған
Тұрғын: "Сол кезде иіс қалай шығатынын айтып жеткізу қиын”