Нью-Йорктың ең үздік полицейі Димаштың 9 қыркүйек күнгі қарсыласы анықталды
“ЭКСПО-2017” халықаралық көрмесінің аясында Астанада 9 қыркүйек күні өтетін бокс кешінде қазақстандық Димаш Ниязов та шаршы алаңға шығады.
Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.
Нью-Йорктің үздік полицейі деген атаққа ие Димаш, угандалық Чарлес Мулиндвамен қолғап түйістірмек.
Qazaq promotions баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қарсылас кәсіпқой рингте 12 жеңіске жетіп, 3 рет жеңіліп, 1 мәрте тең түскен. Жекпе-жек 6 раундқа созылмақ.
Ал Димаш Ниязов кәсіпқой бокста 11 кездесуге шығып, барлығында жеңіске жеткен. Ол өзінің 12-ші жекпе-жегін 9 қыркүйек күні өткізеді. Бұл күнгі бокс кешінің басты жекпе-жегі қазақстандық Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук арасында өтпек.
Оқи отырыңыз:
Головкин: Альварес қорқуды білмейтін жауынгер
“Барселона” шабуылшысы Неймар алаңда төбелес шығарды (видео)
Твумаси мен Кабананга «Астанамен» келісімшарттарын ұзартты
Мен сатқын емеспін: Қазақстандық боксшы не үшін Альвареспен жаттығып жүргенін түсіндіріп берді