Нью-Йоркте гей-шеруге қатысушылар неліктен қазақша киініп, Қазақстан туын ұстап жүрді
Нью-Йорк қаласында жексенбі күні жыл сайынғы дәстүрлі гей-шеру өтіп, ол жерде Қазақстан туын ұстаған адамдар да назарға ілікті.
Әсіресе қазақша киінген қоңырқай өңді жігіт журналистердің назарын аударды. Шыққан тегі ямайкалық Лерой Терелонг бір жылдары Алматыда ағылшын тілінен дәріс беріпті. Бұл туралы Би-Би-Си Орыс қызметі жазады.
“Мен қазақстандық достарымның өз елінде жүріп кемсітушілікке ұшырағанын өз көзіммен көргенмін. Сол себепті достарымды қолдау үшін осында келдім”, – дейді ол.
Ал белсенділердің бірі Александрдың айтуы бойынша, ол біздің ел адамдарының назарын аудару үшін қазақстандық туды ұстап өтіпті.
“Қазақстан туралы ешкім ештеңе айтпайды! Онда 16 миллион адам өмір сүреді. Қай жерде де ЛГБТ өкілдері болса да, ол туралы ешкім жақ ашпайды. Қазақстан – мұсылман елі, ондағы ЛГБТ проблемасы Украинадан да нашар. Бізде үнемі өз отбасымызда, өз жұмысымызда жүргенде ішкі қорқыныш болады”, – дейді ол.
“Маған бұл киімдерді Қазақстаннан достарым жіберген. Мен бұларды осы жерден сатып алған жоқпын. Менің гетеросексуалды достарым да ЛГБТ-ны қолдайды. Бәрі соншалықты қорқынышты емес. Мен олардың қаншалықты назарын аудара алсам, өзге адамдар да соншалықты тез үйренісіп кетеді”, – деді ол.
Ал Қазақстанның туын Алла және Виктория есімді қыздар көтерген.
“Мен бұл жыныстық ұстанымның қалыпты нәрсе екенін көрсеткісі келген достарымды қолдаймын. Бұл жағдай тек осында ғана емес, барлық жерде қалыпты саналуы керек. Былтыр бір қыз біздің туды ұстап шығып еді, бәрі оған жабылып кетті. Ол өте батыр қыз екен. Ол ондай кемсітушілікті күткен жоқ”, – дейді қыздар.
Оқи отырыңыз:
Биыл Алакөлге әдеттегіден екі есе көп турист келмек
Алматылық автотұрақ реттеушісінің әрекеті желі қолданушыларын риза етті (видео)