Германияда қазақстандықты ұстау кезінде қолтырауынның басы табылды

Фото: pixabay.com
Германияда Ресейге бірнеше миллионға заңсыз көлік сатты деп айыпталған Қазақстан азаматының үйінен қолтырауынның басы табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Германия кеден қызметінің мәліметінше 39 жастағы қазақстандық Гессен қаласының солтүстігінде тұрған. Санкцияға қарамастан ол Ресейге премиум-класындағы көліктер, мотоцикл мен квадроцикл жеткізумен шұғылданған. Жалпы экспорттың көлемі 25 миллион еуро деп бағаланды.
"Тұрғын үй мен коммерциялық ғимаратты тінту барысында 21 көлік құралы, допинг препараты, тыйым салынған электрошокер, қорғауға алынған қолтырауын түрінің басы табылды", - делінген хабарламада.
Ер адам санкцияны кем дегенде 700 рет бұзған.
Қазақстандық әйел топтық зорлаудан кейін 17 жасында бала туған: Ол америкалық ата-ана асырап алған қызын іздеп жүр
Кезінде топтық зорлыққа ұшыраған Наталья Қалымбетова 30 жылдан кейін жан сырын ақтарды
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Отбасы: "Қазақ қызының намысын қорғау үшін басталған оқиға адам өлімімен аяқталып отыр"