Нью-Йорк соты жүк көлігімен адамдарды басып өтті деп айыпталған Өзбекстан азаматын өмір бойы түрме жазасына кесті
2017 жылы Хэллоуин мерекесі кезінде Нью-Йоркте теракт жасаған Өзбекстан азаматы Сайфулло Саипов өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Прокурор өлім жазасын тағайындауды сұраған, бірақ алқабилер бұл мәселе бойынша бірауыздан шешімге келе алмады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Саиповке Нью-Йоркте велосипед жүретін жолда бір топ адамды жүк көлігімен қағып өтті деген айып тағылған. Сот оны мерзімінен ерте босап шығу құқығынан да айырды. Сотталған ер адам Өзбекстанда туған. Шабуылдың салдарынан сегіз адам қаза болып, 12 адам зардап шеккен.
АҚШ-қа 2010 жылы қоныс аударған 34 жастағы Сайфулло Саипов 28 эпизод бойынша (арасында адам өлтіру, "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына материалдық көмек беру де бар) кінәлі деп танылған.
- Гаагадағы халықаралық сот Украинаға басып кірген Ресейге қарсы іс ашуды жоспарлап отыр
- Қара теңіз үстінде ресейлік әскери ұшақ америкалық ұшқышсыз аппаратқа соғылды
2017 жылдың 31 қазанында Саипов жалға алған шағын жүк көлігімен Манхэттеннің орталығындағы велосипед жолында жүрген адамдарды басып өткен. Салдарынан 8 адам қаза тапқан, оның ішінде 5 Аргентина азаматы бар және 11 адам жарақат алған. Жәбірленушілердің арасында жүк көлігі соғылған мектеп автобусының ішінде ерекше қажеттіліктері бар екі бала болған, деп жазады "Америка дауысы". Саиповтың өзін полицейлер жарақаттайды.
Іс материалдарына сәйкес, Саипов "Ислам мемлекеті" (*ДАИШ) лаңкестік ұйымының атынан әрекет еткен, олар оны "өз сарбаздарының бірі" деп атаған.
*ДАИШ - Қазақстанда тыйым салынған ұйым.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
