Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нью-Йорк орталығындағы танымал алаңда Imanbek-тің суреті  пайда болды 

Қазақстандық диджей, Grammy сыйлығының иегері Иманбек Зейкеновтің үлкен суреті Нью-Йорктің әйгілі Таймс-сквер алаңындағы экранға шықты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 


Иманбек Зейкенов бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Музыкант суреттерді орналастырғаны үшін екі дыбыс жазу студиясына алғысын білдірді. Бұл –  оның америкалық музыкант Тревор Дэниелмен бірлесіп шығарған жаңа трегінің жарнамасы.

"Тревор Дэниелмен бірге жазған жаңа синглды тыңдаңыздар", – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

Талқылау