Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: president.uz
29 желтоқсанда Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Әңгіме барысында тараптар бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, екі бауырлас елдің халқына бейбітшілік, тұрақтылық пен өркендеу тілектерін білдірді.
"Не қылған сүмеңдеген жүріс": Депутат Нұрсұлтан Назарбаевқа елден шығуға тыйым салуды ұсынды
Сондай-ақ әңгімеде Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы достық, көршілестік, стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарының жоғары деңгейде екені атап өтілген. Сонымен қатар барлық негізгі өзара әрекеттесу бағыттары бойынша ынтымақтастықтың тұрақты даму барысы ерекше талқыланған.
Еске салсақ, бұдан бірнеше күн бұрын Назарбаев Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен еді. Осы кездесуден кейін мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ұлттық қауіпсіздікті қорғау мақсатында мемлекеттік құпияларды білетін бұрынғы жоғары лауазымды тұлғалардың шетелге шығуын заңнамалық тұрғыда реттеуді ұсынды.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған