Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатты
Президент Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттілігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы елбасы бүгін, 19 наурызда, жасаған мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
"Бүгін де баршаңызға үндеу жариялағалы отырмын. Бірақ, бүгінгі үндеудің маңызы зор. Мен Қазақстан Республикасының президенті ретіндегі өкілеттігімді тоқтату жөнінде шешім қабылдадым. Бұл – оңай шешім емес", - дейді Назарбаев.
Елбасының өкілеттігін тоқтататыны туралы мәлімдемесі – толық нұсқа
Назарбаев 1990 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы атанды. 1991 жылы 1 желтоқсанда мемлекет президенті болды. 2015 жылдың сәуір айында 97,7% дауыс нәтижесімен кезекті мерзімге қайта сайланды. Оның өкілеттігі келесі жылдың сәуір айында аяқталатын еді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”