Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев: Nur Otan шенеуніктікпен дамымауы керек

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекке тапсырма берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұрсұлтан Назарбаев

Бауыржан Байбек тұңғыш президентке өңірлердегі партияның бес филиалында болғанын айтып, қазіргі таңда партия қандай жұмыс атқарып жатқанын жеткізген. Бауыржан Байбек Арыс мәселесін тілге тиек етіп, қазір барлық күш сол жаққа жұмылдырылғанын айтты. 

"Сіздің нұсқауларыңызға сәйкес біз партияны жандандыру жұмыстарын бастадық. Тиісті жоспарлар дайындадық. Партия мүшелері мен "Жас Отандықтар" қазір Арыста, олар жұмысты жалғастыруда", - деді "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары.

Нұрсұлтан Назарбаев партия халыққа жақын болу керектігін жеткізіп, кез келген жағдайда адамдарға көмектесуіміз керек деп атап өтті. Сонымен қатар бұрынғы президентіміз халыққа бар күштерін салып көмектесетінін айтты.

"Нұр Отанда жұмыс істейтін барлық кадрларды мұқият тексеріп шығыңыз. Осыдан кейін біз тағы да кездесіп, сөйлесетін боламыз. Nur Otan - күллі халқымыздың саяси партиясы, ең басты саяси күш. Ол шенеуніктікпен дамымауы керек. Халыққа жақын болуға тырысуымыз қажет. Оларға қандай жағдай болмасын көмектесіп, билікпен байланысып тұруға жәрдем жасағанымыз жөн. Негізгі партияның жұмысын жандандыру үшін әлі кездесіп, болашақ жоспарларды талқылайтын боламыз. Ол өз қалпында қалып халыққа бұрынғыша қарым-қатынас жасау керек", - дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр