Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь президентімен посткеңестік елдердегі жағдайларды талқылады

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап, онымен посткеңестік елдердегі жағдайды талқылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Беларусь Президенті Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады. Жақында Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Беларусь мемлекетінің басшысы жеделхат жолдап, бүгін телефон арқылы сөйлесті. Құттықтау тақырыбынан басқа Александр Лукашенко мен Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь пен Қазақстан және посткеңестік кеңістіктегі елдердің қазіргі сәттегі жағдайын талқылады", – делінген Беларусь баспасөз қызметінің хабарламасында. 



Баспасөз қызметінің мәліметінше, Назарбаевтың атына жолданған құттықтау жеделхатында зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ және бақытты ғұмыр тілектері жазылған.

"Тәуелсіз Қазақстанның ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық қайта құрылуы, оның халықаралық аренада елеулі табыстарға қол жеткізген қазіргі заманғы мемлекет ретінде қалыптасуы сіздің атыңызбен тығыз байланысты", – деп атап көрсетті баспасөз қызметі құттықтауды.

Талқылау