AAPL
173.19 $
0.63 %
TSLA
927.96 $
3.1 %
NDAQ
191.95 $
0.8 %
GOOGL
122.08 $
0.33 %
FRHC
56.08 $
-3.06 %
AAPL
173.19 $
0.63 %
TSLA
927.96 $
3.1 %
NDAQ
191.95 $
0.8 %
GOOGL
122.08 $
0.33 %
FRHC
56.08 $
-3.06 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Америкалықтар үстемдік еткісі келеді": Лукашенко Орталық Азияда әлемді қайта бөлу үшін күрес басталатынын болжады

Беларусь Президенті Александр Лукашенко республиканың тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыста әлемді қайта бөлу үшін күрестегі келесі кезең Орталық Азияда болады деп мәлімдеді және сөзінше, оның белгілері қазірдің өзінде пайда бола бастаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Америкалықтар үстемдік еткісі келеді... бір ғана полярлы әлемге қол жеткізуді көксейді ал қарсылық көрсеткендерді бірден бомбалайды... Басты себебі - әлемде жаңа қатынастардың пайда болуы, көпполярлылық. Бүгінгі күні біздің посткеңестік, оның еуропалық бөлігі үшін ғана күрес жүріп жатқан жоқ, сонымен қоса бұрынғы кеңестік республикаларымызда бар Орта Азия үшін де күрес басталды", - деп келтіреді дереккөз Лукашенконың сөзін.

Ол осы жылдың басында болған Қазақстандағы жаппай наразылықтардан кейін Өзбекстандағы жағдайдың тұрақсыздану қаупі туралы ескерткенін атап өтті.

"Қараңызшы – Қарақалпақстан (автономиялық) республикасы... Конституцияда бір нәрсе дұрыс көрсетілмеген еді бірден көтеріліп шықты. Толқулар бүкіл Өзбекстанды алаңдатты. Ал бүгін олар наразылықтарға шетелдіктердің қатысы барын айтып жатыр. Олар Қазақстаннан да кетпейді. Ол жақта жағдай қиын", - деді Лукашенко.



Оның сөзінше, "Орталық Азия біз сияқты екі оттың арасында қалған: бір жағынан – еуропалықтар мен америкалықтар, екінші жағынан - Орталық Азияның аман қалуына көп көмектесетін Қытай тұр. Бұл жекпе - жек таяу уақытта Орталық Азияда болады, оның белгілері қазірдің өзінде көрініп жатыр", - деп атап Беларусь президенті. Лукашенко "әлемді бөліп алуға" тырысатынын баса айтады.

Еске салайық, бұған дейін Өзбекстанның құрамындағы ел Қарақалпақстанда Конституцияға енгізілген өзгерістерге қатысты халық алаңға шығып, наразылықтарын білдірген. Сенбі күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Нүкүске келіп, Қарақалпақстанда автономияны сақтап қалуды ұсынды. Ол сондай-ақ 2 тамызға дейін Қарақалпақстанда төтенше жағдай жариялап, коменданттық сағат енгізді.

Жұма күні Қарақалпақстан автономиялық республикасында автономия аймағының айырылып қалу қаупі мен Өзбекстаннан шығу құқығына байланысты толқулар басталды. Кейін Нүкүстегі тәртіпті полиция күшімен орнатқаны белгілі болды. Өзбекстан ІІМ Қарақалпақстанда қылмыстық топтың мемлекеттік билік органдарын басып алу әрекеті тоқтатылғанын хабарлады.

2 миллионға жуық халқы бар Қарақалпақстан автономиялық республикасы Өзбекстанның солтүстік-батысында орналасқан. 1990 жылдары елдің референдум негізінде шығу құқығымен және екі тілде – қарақалпақ және өзбек тілдерінде Өзбекстан құрамына егеменді республика ретінде кіруі туралы шартқа қол қойылған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр