Сыртқы істер министрлігі Өзбекстанда орын алған жағдайға байланысты пікір білдірді
Сыртқы істер министрлігі Қазақстан соңғы күндері Өзбекстанда болған оқиғаларды алаңдаушылықпен қабылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өзбекстан – Қазақстан үшін бауырлас мемлекет, сенімді одақтас және стратегиялық серіктес. Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстан Республикасындағы жағдайды тұрақтандыру бойынша шешімін құптаймыз әрі қолдаймыз", – делінген мәлімдемеде.
Ведомство бауырлас Өзбекстанда аса маңызды саяси оқиға – Конституцияға түзетулер жөніндегі референдум қарсаңында бейбітшілік пен тыныштық орнығатынына сенімділік білдірді.
Қазақстан Өзбекстанмен 1998 жылы 31 қазанда Мәңгілік достық туралы шарт, 2013 жылы 14 маусымда Стратегиялық әріптестік туралы шарт және 2021 жылы 6 желтоқсанда Одақтастық қатынастар туралы декларация рухындағы көпсалалы ынтымақтастықты дамыту мен нығайту бағытына бекем екені жазылған.
Әйелін электр сымымен қылқындырып өлтірмек болған қазақстандық жеңіл жазамен құтылды
Сот: "Жәбірленушінің мойнындағы сырылған жарақаттар денсаулыққа зиян келтіруге әкеп соқпаған дене жарақаттары ретінде бағаланды"
"Досым 3 миллион теңгеге сатып жіберді": Жоғары жалақы іздеген қазақстандық қалай құлдыққа түсті?
Бостандығым үшін 40 миллион теңге талап етті