AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мирзиёев Қарақалпақстан мәртебесі туралы өзгерістердің Конституцияға енгізілмейтінін мәлімдеді: Елде төтенше жағдай жарияланды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстанның егемен мәртебесін сақтау қажеттігін мәлімдеді. Сонымен қатар ол Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимін енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

митинг

Өзбекстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 2 шілдеде Нүкіс қаласына келген Мирзиёев республиканың жоғарғы орган өкілдерімен, ақсақалдар алқасы мүшелерімен кездескен.

"Конституцияға енетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылау процесі жалғасып жатқандықтан және Қарақалпақстан тұрғындарының пікірін ескере отырып, президент Өзбекстан Республикасы Конституциясының 70, 71, 72, 74, 75 баптарын өзгеріссіз қалдыру қажеттігін атап өтті", – деп жазылған президенттің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мәселе Қарақалпақстанның мәртебесіне қатысты баптар туралы болып отыр. Негізгі заңның қазіргі нұсқасына сәйкес, Қарақалпақстанның егемен мәртебесі бар және ол жалпыхалықтық референдум өткізу арқылы Өзбекстан құрамынан шығу құқығына ие. Өткен апта соңында талқылауға шығарылған Конституция жобасында Қарақалпақстан суверенитеті мен оның Өзбекстаннан бөлініп шығу құқығы туралы нормалар алынып тасталған болатын. Бұл Қарақалпақстан халқының ашу-ызасын туғызып, соңы жаппай наразылыққа ұласқан еді.



Ал Қарақалпақстан аумағындағы төтенше жағдай режимі 3 шілдеден бастап 2 тамызға дейін күшінде болады. 

Өзбекстан басшысы мұндай қадамның мәнін "азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтары мен еркіндіктерін қорғау және тәртіпті қалыпқа келтіру қажеттігімен" түсіндірді.

Төтенше жағдай кезінде кешкі сағат 9 бен таңғы сағат 7 аралығында коменданттық сағат та енгізіледі. Комендатура басшысы болып Өзбекстан Ұлттық гвардиясының қолбасшысы Рустам Жораев тағайындалды.

ТЖ кезінде көлік қозғалысы шектеліп, азаматтардың құжаттары, заттары, көліктері тексерілмек. Қарақалпақстанға кіріп-шығу шектеледі, қоғамдық шара өткізуге тыйым салынады.

Айта кетейік, бұған дейін қарақалпақтар егемендіктен айыру туралы шешімге қарсы шыққан еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр