"Нұрсұлтан Әбішұлы — ұлы адам": Мәсімов Тұңғыш Президент жайлы кітап шығарады
ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов Парламент отырысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жайлы кітап жазатынын айтты. Бұл туралы Tengrinews.kz басылымына сілтеп, Stan.kz хабарлайды.
"Нұрсұлтан Әбішұлы — ұлы адам. Ол туралы "Елбасы көмекшісінің көзімен" деген кітап жазамын, — деді Мәсімов. Оның сөзінше, кітап қызықты болады. "Беттері "жабық" қызықты кітап болады", — деді ҰҚК басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, Кәрім Мәсімов 2016 жылдың 8 қыркүйегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы болып тағайындалды. Ол 2003-2006 жылдар аралығында премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған. 2007-2012 жылдары, 2014-2016 жылдары екі рет елдің премьер-министрі болған. Сонымен қатар, Президент Әкімшілігінің жетекшісі атанған. Мәсімов өзінің президенттің көмекшісі екенін бірнеше рет айтқан.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау