Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрсейіт Жылқышыбай ашық кадрлар көрсеткен отандық арнаны сынға алды

Нұрсейіт Жылқышыбай отандық арнаның ашық кадрларына қатысты сын айтты. Журналист кейбір фильмнің көрерменге берер тәлімі жоқ деп деп сөкті. 

“Мемлекеттік арнаның бет-бейнесі осы ма? Мынаны көрген жастар не үлгі алады? Әлде "Хабар" арнасына барлығы жараса ма? Қазынаның қаражатымен күндерін көріп отырған мемлекеттік арналар бетімен кеткен бе? "Әй дейтін әже, қой дейтін қожа" табылмағаны ма?”, – деп жазды Жылқышыбай.

Желі қолданушылары оның сөзін қостап, өз ойын жазып жатыр. 

“Сіздің аңдығаныңыз тек осындай болды-ау, бұндайларды неге шығара бересіз? Бұдан басқа да өзекті мәселе жетіп жатыр емес пе?”, “Жылқышыбай дұрыс айттыңыз. Бала-шағамен көре алмаған соң, басқа арнаға ауыстырып, көрмеңдер дедім. Ұялдық”, “Әлі талай қызық көрерсіздер, жайлап бой үйретіп келе жатыр”, “Түпкі сананы улаудың бір түрі”, “Әркім өз ойынан хабар деген”, “Өзбектер қанша мықты заманға сай кино шығарса да осылай түспейді ғой, қаншама мықты актёр актрисалар бар соларда да бірақ тәрбие әдет-ғұрыптан аспайды”, – деп жазды олар.


"Алтын Ордада арба сүйреп, саудагерлердің затын арқаладым": Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай өткен өмірі туралы

Талқылау