Нұрлан Нұркенов Астана әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды
Нұрлан Нұркенов Астана әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақпаратты әкімдіктің баспасөз қызметі растады.
"9 қаңтарда Астана әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов президент әкімшілігінің келісімімен әкімнің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды", – деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ол жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану, қалалық ортаны бақылау және сапа, санитарлық тазарту және қаланы кешенді абаттандыру мәселелеріне жетекшілік етеді.
Астана әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов 2019 жылдың ақпан айынан бастап қызмет атқарды. Бұған дейін президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, Ақмола облысы әкімінің орынбасары, Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі қызметтерін атқарған. Сондай-ақ президент істері басқармасында жұмыс істеді.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен