Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан Қоянбаев түріктің танымал актрисасы Неслихан Атагүлмен кездесті (видео)

Нұрлан Қоянбаев "Қазақша бизнес Түркияда" фильмінің түсіріліміне қызу дайындықты бастап кетті. Бұған дейін осы елде отандық фильмнің түсірілетінін айтан еді. Күні кеше талантты актриса Неслихан Атагүлмен кездесті.

Бұл кездесуді желідегі оқырмандар өзінше болжады. Олар "Қазақша бизнес" фильмінде басты рөлді Неслихан Атагүл сомдайды деп топшылады. Алайда әзілкеш бұл туралы ешнәрсе айтқан жоқ. Дегенмен олардың кездесуі бекер болмаса керек. Нұрлан Қоянбаевты актрисамен түрік актері Қадір Доғұлы таныстырды. 

Бұған дейін Қоянбаев аталған фильм түрік елінде түрік тілінде түсірілетінін мәлімдеген еді. Фильмді түрік режиссер мамандары түсіретінін, онда түріктің актерлері роль сомдайтынын айтып қалды. Фильм "Қазақша бизнестің" түрікше аудармасы болмақ. 

Ал, қазақстандық актерлер Түркияда екінші фильмді өздері түсірмек. 

Фильмде Жахан Отарғалиев пен Қайрат Әділгерейдің рөл сомдайтыны да белгілі болды.


Тұрсынбек: Нұрланды қорқытам деп төсегінің астына кірдім де, таңға дейін ұйықтап қалыппын


 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 26 Тамыз, 2020 11:56
Талқылау