Нұрлан имам: Үйім жоқ, бала-шағаммен мешітте тұрамын
Заманауи бағыттағы уағыздарымен көптің жүрегін жаулаған имам Нұрлан Байжігітұлы үйі жоғын ашық айтты. Алайда имамға үй ұсынғандар да болған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Caravan.kz порталына сілтеме жасап.
Нұрлан Байжігітұлы – көп балалы әке. Бүгінгі таңда 7 баланы тәрбиелеп отыр.
Журналистің бала-шағаны қалай асырап жатырсыз деген сауалына имам былай деп жауап берді.
"Ел бар, халық бар. Үйім жоқ. Бала-шағаммен мешітте тұрамын. Балаларым қоғамдық көлікпен қатынап оқиды. Үй беремін дегендер болды. Оны қабыл алмадым. Себебі оның ар жағында мүдде бар. Мен жобаның бір бөлшегі болғым келмейді", – деп жауап берді имам Нұрлан Байжігітұлы.
Талқылау

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
Алматы әкімдігі Сайранда су қоймасы мен оның маңын тазарту бойынша сенбілік өтетін айтты

"Мүгедектер мен аурулар саны артып келеді": Бір аптадан бері түтінге тұншығып отырған атыраулықтар дабыл қақты
Адамдар жүйке жүйесіне әсер ететін улы зат – күкіртсутекпен уланып жатыр