Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрлан имам Пенсильвания штатында екі жастың некесін қиды

Дінтанушы, теолог, психолог Нұрлан қажы Байжігітұлы Вашингтонда АҚШ президенті Джо Байден шақырған жиынға қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

  Фото: https://www.instagram.com/nurlanimam.kz/

Имам іссапар кезінде шетел қазақтарымен жүздесіп, екі жастың некесін де қиды. 

“Астана қаласындағы Ырыскелді қажы атындағы мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлы қажы Пенсильвания штатындағы Филадельфия қаласындағы Аль-Бұхари мешітінде қырғыз, өзбек, қазақ жамағатына уағыз айтты. Уағыздан соң Нұрлан қажы бас имам болып жамағатпен намаз оқыды. Бұл кездесу барысында жақсы адамдардын қасиеттері, түзу жол және Аллаh туралы әңгіме жүргізіп қоймай, жаңа қосылған жастарымыздың ақ некесін қидық! Іс-шара жоғары деңгейде және әсерлі өтті. Нұрлан мырзаға және Жұлдызай ханымға АҚШ қазақтарының діни ахуалына қосқан үлесі үшін алғыс білдіреміз! Америка Құрама Штаттары және Филадельфия қазақтары өзіңізді әрқашан күтеді”, – деп жазды филадельфиялық қазақ. 

Еске салайық, АҚШ президенті Джо Байден жыл сайын қайырымдылық асын өткізеді. Жиынға дүниежүзіне белгілі азаматтар шақырылатын. Биыл АҚШ президентінің таңдауы Нұрлан имамға түскенін жазған едік.  

 

Талқылау