Нұрғали Нүсіпжановтың отбасы қазаға душар болды

Белгілі әнші Нұрғали Нүсіпжановтың енесі дүниеден өзды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаралы хабарды өнер иесінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
“Хош болыңыз, періште ана… Жалған дүниеде жұмыр басты пенденің төрт құбыласы түгелі жоқ-ау, сірә… Жасым ұлғайып, ауру меңдегенде жаныма жалау болар жан іздедім, өйткені мен де бір кем дүниесіз емес едім… Жас күнінен қалам, қағазды серік еткен қаламгер қызын қазақтың қартаң тартқан қарапайым әншісіне аналардың анасы ғана, мүмкін ұлы ана, бәлки иманы мен ибасы келіскен кемеңгер ана ғана қиса керек… Ақ-адал жүрегіңіздің алдында басымды жерге жеткенше идім, әзиз ана… Сан мың тағзым сізге…Сан миллион құрмет сізге…” - деді ол.
Әнші енесімен алғаш кездескен сәтін еске алды.
“Ең алғаш кездескен сәттен, ел ағасы деп ерекше сыйладыңыз, басымдағы батпандай зіл-мұңымды, таудай тауқыметімді талқыға салмадыңыз, тек жанарыңыздан жасыңыз парлап тыңдадыңыз зар-күйімді... Сіз маған жан-дүниеңіз сыздаса да жүрегіңіздің бір бөлшегін сыйладыңыз, ғұмырымды ұзартқан ғибратыңыздың алдында қарыздармын, ана… Бақи дүниеден Фәни дүниеге аттанғанша Алланың ақ жолында болдыңыз, сәждені сүйген маңдайыңыз жарқырап, ортамызды толтырып отырушы едіңіз, орныңыз ойсырап қалды, еңірегенде етегі жасқа толған бір жапырақ Жадыраңызды жұбатарға сөз таппай қиналып қалдым, жан ана… Ақтық деміңіз үзілгенше қызғалдағыңызды аманат еттіңіз, қиянат жасамаймын ана… Хош болыңыз, жатқан жеріңіз жәннәттың төрі болғай, жайсаң ана…Сіз шын мәнісінде жақсы адам едіңіз…Қадыр-қасиетіңізден айналдым асыл адамым менің…Бақұл болыңыз, періште ана…”, - деп жазды әнші.
Айта кетейік, Нұрғали Нүсіпжанов 2019 жылы өзінен 45 жас кіші журналист Жадыра Сейдешке үйленген еді.
Еске салайық, Халық әртісі жас әйелімен фотосессия жасаған еді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?