Нұрғали Нүсіпжанов жас әйелімен фотосессия жасады
Фото: https://www.instagram.com/nurgali_nusipzhanov_official/
ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов жеке парақшасында әйелімен бірге ерекше фото-видеоларын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, әнші өзінен 45 жас кіші журналист Жадыра Сейдешке үйленген еді.
“Творчествалық процесс сан-саланы қамтиды. Халық перзенті болғаннан кейін тың туындылар тудыру, талмай еңбек ету – ел-жұрт алдындағы перзенттік парызым. "Сұңқар" фотостудиясының қыз жігіттері маған сый-құрмет көрсетіп, әр түрлі киім үлгілерін ұсынып, керемет фотосессия жасады. Ұжым жетекшісі Мұрат бауырыма, ұлттық костюмдерін ұсынған Бақыт қарындасыма, фотогроф қызым Айданаға "жүз жасаңдар, айналайындар" деген ақ жарма бата-тілегімді бердім, ақ маңдайларынан сүйдім", – деп жазды Нұрғали Нүсіпжанов.
-
"Коммуналды пәтерде тұрамыз": Нұрғали Нүсіпжанов байлығы жоқ екенін айтты
-
Алаяқтарға алданып қалған Нұрғали Нүсіпжановқа кәсіпкер пәтер сыйлады
Еске салайық, Роза Әлқожа халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың бала асырап алғысы келетінін айтқан еді.
“Екі әйелден бес қыз көрген бұл кісінің орындалмаған арманы – ұлды болу. Ұрпағының жалғасын көргісі келеді екен. Жас жеңгеміз де ЭКО-ның бар ғаламатын көріп баққан, болмапты. Ендігі бар үміті – бала асырап алып, ағаның атына жаздыру. Баладай мәпелеп күтіп жүрген бұрынғы журналисті де аядым. Нұрғали Нүсіпжанов әлеміне бойлап, жазу-сызуын да ұмытыпты. Қайтпек керек?! Алла маңдайға берген болса бәрі де болар”, – деген еді әнші.

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
