Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұрдәулет Шертім: Сикош деп әзіл айтқанымыз үшін "Ағайынды төртеудің" жігіттерінен таяқ жедік

Нұрдәулет Шертім сұхбатында еш жерде айтылмаған сырларын айтты. Көрерменнің ең сүйікті актері өнердегі, өмірдегі көрген келеңсіздіктерін жеткізді.

Бұл туралы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында айтылды. 

Шертім бүгінде бес баланың әкесі. Бірнеше фильмде, сериалдарда бой көрсетті. Алдағы уақытта жеке кәсіп ашуды қолға алған. Ал өнерге жаңа келген шақта небір қысым көргенін жасырмайды. 

"Сахнаға жаңа шығып, ел танып жатқан уақытта жігіттер туралы әзіл шығардық. Серік деген ат барлық ауылда бар ғой. Серікті бәрі Сикош деді. "72-дегі Сикош" деген лақап атпен шықтық. Ауылдың бәрінде кішілер үлкендерден қашып жүретіні бар. Соны мысалға келтірдік. Сикош келе жатыр десе, бәрі қашады. Әзіліміздің үлкен астары болған жоқ. Сөйтсек, "Төрт ағайынды" арландарының бірінің есімі Серік қой. Әзіліміз сол кісінің құлағына жетіпті. Ол кісі өзінше қабылдаған. Біз мүлде басқа Сикошты айтып жүрміз. Бір күні Серік аға бізді шақырып алды. Біз арқамыздан қағып, көлік сыйлай ма деп ойладық. Барсақ, "сендер неғып мен туралы әзіл айтып, сахнада қашып жүрсіңдер?" деді. Біз оның басқа Сикош екенін айтып түсіндірмек едік. "Қазақстанда менен мықты Сикош бар ма не?" деді. Жауап бере алмай қалдық. Осы кезде Қыдырәлі Болманов ағамыз келіп сөйлесті. Біз ол кезде баламыз. Болманов аға үлкендерше сөйлесіп, мәселені шешіп берді", - деді әзілкеш.

Нұрдәулет Шертім әзіл үшін бірнеше келеңсіз жайттарға тап болғанын жасырмайды. Бұған дейін Рахат Әлиев туралы әзіл айтамыз деп, бір шапалақ алғанын айтқан еді. Кейіннен бандиттермен араздасып, көлігінен айырылғанын сөз етті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр